Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау – әрбір мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас өркеннің асыға күтетін мерекесі. Сондай-ақ, бүлдіршіндеріміз балғын дәурен қамсыз күнімен қоштасып, оқушы атанып, білім нәрімен сусындайтын күн. Бірі жаңадан оқушы атанса, енді бірі жаз бойы көрмей сағынысқан достарымен, екінші үйіндей болған қасиетті білім ордасымен қауышып, мәре-сәре болады.
Қарағанды қаласының №82 жалпы білім беретін мектебінде “Мектебім-мейірім мекені” атты салтанатты жиынымыз өтті. Мерекелік шараға полиция майоры Шакаримов Ерсін Сайлаубекович және Қарағанды қаласының білім бөлімінің маманы Жуматаева Алия Сериковна қатысты.
Салтанатты жиында мектеп оқушылары да өз өнерлерін көрсетті.
Мұнда биыл 1-ші сыныпқа 130 бала қабылданып, мектеп табалдырығын аттады. Сондай-ақ мектебіміздің директоры Жаксыбекова Сая Сатбергеновна алдағы оқу жылында ата-аналармен тығыз байланыста болып, білім саласында биік асуларға жетуге сенім білдірді.
Просмотров: 42
Комментарии